Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Домбыра күні

Ұлттық домбыра күніне орай «Күй- шежіре, күй- дастан» тақырыбында Жылыой өнер сүйер қауымының көзайымына айналған «Шолпан» оқу орталығы өнерпаздарымен кездесу болып өтті. Шара басталмас бұрын «Ертелеу тайған өнердің биік тағынан » тақырыбында Жылыойлық күйші-композиторлар Т.Құлтумиев пен З.Жарылғасовтың музей қорындағы жәдігерлерінен көрме жасақталып, №7 мектеп жанындағы лагерь демалушылары назарына ұсынылды. Шараны оқу орталығы жетекшісі Ж.Серік мерекемен құттықтап, орталық құрудағы мақсаты, жетістіктері туралы айтып өтті. Шараны «Шолпан» оқу орталығы өнерпаздары күмбірлеген күйімен әрлендірді. Шара соңында өнерпаздарға музей атынан сыйлықтар табысталды.