Малайзиядан шығып 7-8 Азия мемлекеттерін басып өтіп, Қазақстанға Бейнеу арқылы кірген. Бүгінде аудандық музейдің төрінде қонақта болып, Жылыой ауданы тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштері, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлермен танысты. Қазақтың этнографиялық жәдігерлері мен киіз үйі ерекше сезім тудырғандай. Өзіндік ықылас тілектерін айтып, алғыс білдірді.
Жиһанкез қонағымыздың келесі сапары Атырау арқылы жолға шығып, Ресейге еліне, одан кейін Грузия -Түркия мемлекеттері арқылы Францияға барады.
Жиһанкез француз азаматтары Батист және Колинадан кері байланыс.
Батист: — Музейді тамашалау барысында қазақ халқының өмір сүру салты мен дәстүрін және қазіргі тұрмыс тіршілігімен таныс болдық. Осындай ақпараттарды білу біз үшін қызықты болды.
Колина: — Қазақ халқының жай-күйін аңғарып, бүгінгі күнде дәстүрлерінің ұмытылмағандығын және маңыздылығын жоймағандығын көре алдық. Рахмет!