Жылыой аудандық музейінде 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай қолөнер шебері, ұстаз Нұргүл Елтезерованың «Киіз басу-қолөнер көркі» тақырыбында этнопедагогикалық шеберлік сағаты өтті. Шебер сабақ барысында қыз балаларға ұлттық өнерді дәріптеп, оның жасалу жолдары, техникасы жайында үйретті. Сабаққа №8 мектептің 9 сынып оқушылары қатынасты.