Жылыой аудандық музейінде Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген «1қазан — Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай — 1928 ж. аудан құрылғанда алғашқы сайлаған ауаткомның жауапты хатшысы, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, ұжымшар төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, бірнеше рет аудандық кеңес депутаты болған Ашығалы Тағановтың, (1923ж.) «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қызметкері» Қызылқоға, Махамбет, Жылыой аудандарында кеншар деректоры, ауатком төрағасының орынбасары. III-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, III-дәрежелі Даңқ, Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Шафих Іхбасовтың және (1953 ж.) ҚазМҰҮ-дің түлегі, ақын-журналист. «Атырау айдыны», «Жыр бесік», «Мерейлі мекен» ұжымдық жинаққа өлеңдері енген. «Жүрек жылуы», «Қарашұңгіл», «Мұнайшының ұлы», т.б жыр жинақтарының авторы 1973-2001 жж. Жылыой аудандық «Ембі» газетінің корректоры, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер сыйлығының иегері Қаржау Оразбаевтың тұтынған бұйымдары мен марапат құжаттары, кітаптар, фотосуреттері қойылған көрме жасақталды. Көрмені Ақкиізтоғай ауылының қарттары және музейге келушілер тамашалады.

