«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын діңгек өзім туған босағам» тақырыбында Жылыой ауданының 95 жылдығына және Құлсары қаласының 22 жылдығына орай, аудандық музейде «Bloomsbury» оқу орталығының оқушыларымен бірлескен квест ойыны өткізілді. Квест ойынында балалар шапшаңдық танытып, алғырлығымен көріне білді. Квестте музей қорындағы жәдігерлер туралы логикалық сұрақтар жасырылды. Ойын соңында белсенді жастарға музей атынан сый-сияпат табысталды.