Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын діңгек өзім туған босағам» тақырыбында Жылыой ауданының 95 жылдығына және Құлсары қаласының 22 жылдығына орай қала ішіндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсия ұйымдастырылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын діңгек өзім туған босағам» тақырыбында Жылыой ауданының 95 жылдығына және Құлсары қаласының 22 жылдығына орай қала ішіндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға «Bloomsbury» оқу орталығының оқушылары қатынасты. Аталған экскурсияда «Құлсары ата» қорымы, «Қонақжай ана», «Жеңіс саябағы», «Алтын киімді адам», «Үш батыр» монументі, сонымен қатар Жылыойлық танымал тұлғалардың бюст-мүсіндері жөнінде мәліметтер айтылды. Оқушылардың танымдық көзқарастары кеңейіп, өлке тарихына қызығушылықтары арта түсті.