Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Қарашүңгіл, құпияңды ашпаған даласың бір

2023 жылдың 14 қыркүйек  күні мұнайшылар күніне орай «Қарашүңгіл, құпияңды ашпаған даласың бір» тақырыбында қазыналы өңірге экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға С.Өтебаев атындағы мұнай-газ технологиялық колледжі студенттері,  колледждің оқыту шебері және музей қызметкерлері қатынасты.

Экскурсия Қарашүңгіл қорымынан басталып, сол жерде орналасқан «Қыз әулие» тарихи-мәдени орнымен жалғасын тапты. Оқушыларға аталған мекеннің шырақшысы киелі орынның тарихы, Қарашүңгіл қорымы жөнінде ел аузындағы аңыз-әңгімелерді насихаттады. Сонымен қатар, Қазақ мұнайының тұңғышы саналатын мекендегі «Қазақстан мұнайының — 100 жылдығына» орай орнатылған стеллаға арнайы барып, алғашқы мұнай шыққан киелі өңір туралы музей экскурсоводы кеңінен мәлімет жүргізді. Экскурсиядан қайтар жолда колледждің оқыту шебері алғаш орнатылған стелла жөнінде де тың ақпараттармен бөлісті.