Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Жылыойлық ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі елге өнеге, ұрпаққа ұран!»

Жылыой аудандық музейінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай №6, №7 мектептерге «Жылыойлық ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі елге өнеге, ұрпаққа ұран!» тақырыбында көшпелі көрме апарылды. Көрме барысында Ауған тарихынан сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Көрмеге Ауған ардагері Қонаров Сисен Атыраубайұлының тұтынған бұйымдары, Әділов Досан Рашидұлының әскери форма коллекцияларымен және Қоғам ардагерлерінің және елге келгеннен кейін өмірден өткен ардагерлер, ескерткіш бейнесі және т.б. 10 дана түрлі-түсті А3 форматта фотосуреттері көрмеге қойылды. Көрмені №7, №6 мектептердің 10 сынып оқушылары тамашалады.