Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Ақық пен жақұт теріп өткен азамат»

2 ақпан 2024 жылы музей жанындағы Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес көрнекті әдебиетші, ғалым, ақын Қабиболла Сыдиықовтың 90 жылдығына орай «Ақық пен жақұт теріп өткен азамат» тақырыбындағы еске алу шарасының бағдарламасын бекіту отырысы болып өтті. Кеңес отырысына «Атамұра» КМҚК (музей) жанындағы кеңесі мүшелері, Қ.Сыдиықұлының туыстары және музей қызметкерлері де қатынасты. Музей басшысы М.Ерісұлы бағдарлама барысымен таныстырып, ақпараттық-түсіндірме жүргізді. Кеңес отырысының басты мақсаты еске алу танымдық шарасының жүру барысы, бағдарламасы, «Мұратанушы мұраты – көзайым көрме құндылығы» бөлімі бойынша көрмеге қойылатын түпұсқа жәдігерлердің орын алуын, сөз сөйлейтіндер мен арнайы шақырылатын қатысушылардың тізімін кеңесіп ортақ келісімге келуді көздейді. Кеңес қорытындысымен ұсыныстар шешім ретінде қабылданып, бекітілді.