Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялады. Бағдарлама бойынша 18 наурыз — сан ғасырлар бойы қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленетін Ұлттық киім күні.
Осы күні Жылыой аудандық музейі ұжымы үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет дүниелер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды.
Өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды ұлықтап жүрейік. Мереке құтты болсын!

