Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Әйел — отбасында шуақ, қоғамда тірек»

Жылыой аудандық музейінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел — отбасында шуақ, қоғамда тірек» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы ұйымдастырылды. Шараға ардагер ұстаз Алтаева Баян, көпбалалы ана Жамиғатова Үміт, заң саласы ардагері Боранбаева Қамажай, мәдениет саласының ардагері Әбдіғалиева Қалима, Баспасөз саласының ардагері Шәтенова Сәулеш және Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық –техникалық колледжы студенттері шақырылды.

Шарада сөз алған музей ардагері Қарлығаш Қабидоллақызы ардагер аналарды айтулы мерекемен құттықтап, бүгінгі күні қоғамда әйелдердің алатын орны ерекше екенін атап өтіп, құттықтауын жеткізді.

Мұнан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі қоғамда әйел азаматтардың атқарып отырған рөлі турасында пікір алмасты. Аналар студент қыздарға өмірлік кеңестерімен бөлісіп, ұлт тәрбиесінде ұстану керек қағидаларын тілге тиек етті. Мерекеге орай, ардагер аналарға музей атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Колледж студенті Жақсылық Гүлназдың әуелете салған әсем әні жиналғандарды көтеріңкі көңіл күйге бөледі.