Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасына сай келетін Жылыой өңіріне танымал, мәдениет саласының ардагерлері мен ақын-жазушыларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Жылыой өңірінің танымал тұлғалары: таным мен тағылым» тақырыбында конференция болып өтті.
Шараға аудандық өлкетанушылар, қаламгерлер қатысты. Жылыой халқының жүрегінен орын алған, еңбектеген баладан – еңкейген қарияға дейін әуелете айтатын «Кең Жылыой» әніне — 50 жыл толды. Жарты ғасырға жеткен бұл ән – Жылыой жұртшылығының төл туындысы болып сақталары сөзсіз. Шараны музей басшысы М.Ерісұлы ашты.
«Еңбегімен еленген ардақты ұстаз» тақырыбында көрме, «Өмірім-өнерім» тақырыптық бейнефильм келушілер назарына ұсынылды. Жылыойдың аспанында қалықтаған, аға ұрпақ жадында жатталып, жастарымыз шабыттана шырқаған «Кең Жылыой» әнін біздерге сыйлаған ән авторлары бүгінгі шарамыздың көркін келтіріП, естелік әңгіме өрбітті.
Шара соңында музей атынан естелік сый табысталды.
