2024 жылы І-тоқсандағы әдістемелік жоспарға сәйкес «Музейлік баспа материалын дайындау әдістемесі» тақырыбында түсіндірме болып өтті.
Әдістемелік күнді музей әдіскері Ж. Нұрмашова ақпараттық-слайд арқылы бірнеше тақырыптарға бөліп түсіндірді.
— Музейдің баспагерлік қызметі;
— Музейдің зерттеу жұмыстары – кітаптың негізі құрылымы;
— Кітапқа қойылатын техникалық талаптар;
— Жылыой ауданы музейі дайындаған басылымдар.
«Жылыой өңірінің танымал тұлғалары: таным мен тағылым» кітапшасының құрылымын талқылау сынды тақырыптар түсіндірме жұмысының негізі бола білді.
Музейлік басылым жұмысы барысында тақырып таңдау, музейлік материалдарға зерттеу жүргізу, қосымша материалдарды іздестіру жолдары мен бағыттары, жинақталған материалдарды саралау мен жүйелеу, жазылу стилі, сілтемелер беру, кіріспе, көлеміне қарай бөлім, тараулар мен тармақ, тармақшаларға бөлу, қорытынды жазу, пайдаланған әдебиеттер тізімі, т.б зерттейтін объектінің толық ашылуын қамтатасыз ету бойынша дайындауды қолдану қажет екені айтылды.
Әдістемелік күн қорытындысы бойынша 2023-2024 жылы шығатын музейлік басылымдарды осы әдістемені қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жасауды ұсынады.