Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Жұмбақ табиғат әлемі сыр шертеді»

2024 жылдың 31 мамыр күні «18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне» орай, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жұмбақ табиғат әлемі сыр шертеді» тақырыбында «Желтау» тауына, Шерліғұл діни-тұрмыстық кешеніне танымдық жорық ұйымдастырылды. Танымдық жорыққа ауданға белгілі өлкетанушы ардагерлер, тарихшылар, суретшілер, газет тілшісі және музей мамандары қатынасты.

Музей ғимараты алаңынан, музей басшысы М.Қақпанбаев экспедиция мүшелеріне сапардың мақсатын таныстырып, ары қарай жолға шықты. Экспедиция мүшелері жолай Биікжал мұнай кен орнының ашылуына байланысты құрылған елді мекенге тоқтады. Сол жерде өлкетанушы Қ.Ізмағамбетов өз естеліктерімен бөлісті. Келесі сапарымыз «Желтау» тауына бағытталды. «Желтау» тауы баурайында экскурсия жүргізіліп, Жылыой суретшілері әсем табиғатты ақ парағына түсірді. Танымдық жорық ары қарай тау басында орналасқан тарихи орын Шерліғұл діни-тұрмыстық кешенімен жалғасты. Ауданға белгілі өлкетанушы Н.Ақназаров экспедиция мүшелеріне тарихи орын және Шерліғұл Сәттіғұлұлы туралы маңызды мәліметтерімен бөлісті. Желтаудың шығыс жағынан, бір құламадан мешіт салдырғаны, ол — сол жердегі мешіттердің ең алғашқысы саналғаны жөнінде тоқталып өтті. Сонымен қатар Шерліғұл Сәттіғұлұлының көріпкел, әулие, емші болғандығы, өзі салдырған мешітінің арғы екі күмбезінің не себепті опырылғаны туралы айтып өтті. Барлық айтылған мәліметтер музей қорында сақталатын бейнетаспаға түсірілді. Экспедиция мақсаты өлке тарихын тереңінен зерттеу, оны аудан халқына насихаттау, музей экспозициясын толықтыру мақсатында жәдігерлер жинақтау.