Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай №4 мектеп оқушыларына рәміздерге құрмет және рәміздер туралы білімдерін бекіту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер — мемлекет негізі» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді. Мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы мен авторлары жөнінде кеңінен мағлұмат беріліп, оқушылардың әнұранды орындауымен аяқталды.