Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Мен өлке тарихымен таныспын!»

Жылыой аудандық музейінде №3 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» лагері демалушыларына музей залдары таныстырылып, «Мен өлке тарихымен таныспын!» тақырыбындағы викториналық сұрақтар ойыны ұйымдастырылды. Шараға атсалысқан оқушыларға музей атынан сый табысталды.