Жылыой аудандық «Атамұра» музейі «Қазақстан Суретшілері Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жылыой ауданы өкілдігі мүшелерімен бірлесіп ауданның дүниеден өткен суретшілерін еске алуға арналған көрме ұйымдастырды.
Көрмеге ауданымыздың 15 суретші және қолөнер шеберлерінің 50 шақты туындысы қойылды. Ал, туған өлкенің қылқалам шеберлерін тануға жұртшылықтың қызығушылығын арттыру мақсатын діттеген игі шараға 70-тен астам адам қатысты.
Айта кетейік, аудандық музейдегі дүниеден өткен суретшілерді еске алу көрмесі келесі аптаға дейін жалғасады.