24 — қыркүйек күні Жылыой ауданы музейінде «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған «Ердің даңқы- еңбекте» фотогалереясы келушілер назарына ұсынылды. Фотокөрмеде ауданға еңбегі сіңген сала ардагерлері, оның ішінде: Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшылары, ауылшаруашылығы қызметкерлері, өндіріс, білім-ғылым, мәдениет майталмандарының тағылымды еңбек жолдарынан тың мағлұмат беретін тарихи суреттер қойылды. Көрмені мектеп оқушалары мен музей қонақтары тамашалады.