Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Мұнай мұхитының майталманы» тақырыбында конференция

Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде атақты мұнайшы, қоғам қайраткері Сафи Өтебаевтың – 115 жылдығына орай «Мұнай мұхитының майталманы» тақырыбында конференция болып өтті.

Конференцияны колледж кітапханашысы Райгүл Бауыржанқызы жүргізді. Конференцияда сөз алған №1 қалалық кітапхана меңгерушісі Нұрсұлу Самсақызы «Қазақ мұнайының атасы», музей қызметкері Гүлназ Базарбайқызы «Тамшы мұнайды тұмар қылған көшбасшы» тақырыбында баяндама оқыды. Конференцияға қатысушылар Сафи Өтебайұлының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін ақпараттық бейнебаянды тамашалады.

«Лебіздер галереясы» мен «Еңбегі ұрпаққа өнеге» тақырыбында кітаптар мен газет бетінде жарық көрген мақалалардан жасақталған көрме колледж студенттерінің назарына ұсынылды. Колледж студенттері Илиясова Нұрай «Атасысың қазақтың мұнайының», Гилиятова Айнель мен Қалиева Назым «Сафи аға» өлеңін нақышына келтіре оқыды.