Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Ұлы даланың мұрагерлері»

25 қазан — Республика күніне орай Жылыой аудандық музейінде «Ұлы даланың мұрагерлері» тақырыбында патриоттық кездесу кеші болып өтті. Кешке 1974-1994 жылы Германия, Варшава, Польша, Венгрия, Чехословакия, Монголия, Кубада Отан алдындағы борышын өтеген Германиядағы Кеңес әскері тобы және Варшава келісім шарты әскері тобының Жылыой ауданы ардагерлер қоғамының филиал басшысы — Ешібай Құттығай Нұрбергенұлы бастаған әскери ардагерлерден Қарымсақов Қарағұл, Сабитаев Сарсенбай,Рзабаев Нүркен, Есіркепов Жаңбырбай шақырылды.

Кездесу кешін музей басшысы М.Е.Қақпанбаев құттықтау сөзімен ашты. Патриоттық кеш «Қыран елім — Қазақстан» тақырыбындағы ақпараттық бейнебаянмен басталды. «Қазақстан- Отаным арайлым» атты сазды сәлемдеме жолдаған Боштай Айша кешімізді әрлендіре түсті.Кездесу кешінде сөз алған ардагерлер өздерінің әскердегі қиын да қызықты кезеңдерден сыр шертіп, өскелең ұрпақты елін сүюге, қорғауға шақырды. Кешіміз № 8 мектептің биология пәнінің мұғалімі Сағынғали Мадинаның жетекшілігімен дайындалған Серік Іңкәр, Мыңжанова Ақкүмістің орындауындағы күй атасы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен, Тілеп Айкөркем «Құтты ұям» әнімен, Рахат Дарханның орындауындағы «Тойбастар» әнімен, Жалғас Әлихан «Кероғлы » күйімен жалғасты.

Кеш соңында шақырылған қонақтарға және өнерпаздарға музей ұжымы атынан ризашылық білдіріліп ескерткіш сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.