3 желтоқсан – Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күніне және 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі жандардың «Бәрі де қолымыздан келеді!» (13 желтоқсан) атты көрме-байқау кеші Жылыой ауданы қазақ соқырлар қоғамы қоғам бірлестігі мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Қоғам жанындағы өнер шеберлерінің қолынан щыққан бұйымдардан 40-қа жуық туынды қойылды. Қоғам мүшелері Айнагүл Жекеева «Анашыма» әні, Ақылбекқызы Аянат «Әке-ана, Жайнаргүл Баймешова «Тәуелсіз Қазақтың қызымын», «Әжелер» тобы Құлтумиева Қамқа, Кереева Гүлбаршын, Оспанова Ұлжан, ЕңсеповаҰлжан, Жексенова Ләззат, «Қоғалы ай», «Дедім ай-ау» әндерін Айтжанова Жаңылдың баянда сүйемелдеуімен орындаса , Жекеева Айнагүл, Баймешева Жайнаргүл «Көнеміз ғой» әнімен кешімізді қорытындылады.
Кеш соңында музей залдарына экскурсия жүргізіліп, музей атына ескерткіш сый табысталды.