Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыой аудандық музейі №1 жалпы орта білім беретін мектеппен бірлесіп 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп кітапханасында кездесу шарасы өтті

Шараға желтоқсан куәгерлері Болған Байниязова, Мұқтар Ильясов, Айнаш Байғабылова, Мұрат Мұқан және аталған мектептің 11 сынып пен 6г сынып оқушыларымен бірлескен патриоттық кеш өтті. Кеш әсерлі әңгімелермен өрбіп, көптеген естелік әңгімелер шертілді.

Кеш оқушыларымыздың Сембай Назипа «Желкілдек» әні, Боранғали Айбек «тойбастар» термесі, Сейілханұлы Кенесары, Әбілтай Мадияр күй тартса, Айтбай Айым, Ізберген Меруерт әсерлі көркем сөз оқып кеш қонақтарын риза етті. Кеш қонақтары естелік әңгімелерімен бөлісіп… оқушыларға жақсылық тілектері мен бөлісті.

Кеш соңы әдемі әнмен 6г сынып оқушысы Аманқос Ернурдың орындауында «Жаным қазақ» әнімен аяқталды.