2024 жылдың 18 желтоқсан күні Жылыой аудандық музейіне өңірдегі мәдениет мекемелерінің ағымдағы жылы атқарған жұмыстарын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылған облыстық жұмыс тобы құрамынан Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Тілекқабылов Ерлан Қоныскерейұлы және музейдің бас қор сақтаушысы Хасанова Бақтыгүл Қаспайқызы келіп 2024 жыл бойына атқарылған жұмыстарды зерделеп және қор жұмысы бағытында музейлік құндылықтарды жинақтау, қабылдау, есепке алу, сақтау, қор сатып алу жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.



