Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Ғасырлар қойнауы жасырған сыр

Жылыой аудандық музейінің ұйымдастыруымен интерактивті экран арқылы І.Есенберлин 110 жылдығына арналған «Ғасырлар қойнауы жасырған сыр» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Дәріс барысында Ільяс Есенберлиннің шығармашылығымен таныстыратын слайд көрсетілді. Дәріске  №5 мектептің тарих пәні мұғалімі Темірханова Жадыра жетекшілік ететін 5 сынып оқушылары  қатысты.