Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Қ.Боқановтың 135 жылдығы

Жылыой аудандық музейінде Жылыойлық қолөнер шебері Қ.Боқановтың 135 жылдығына еске алуға арналған «Өнеге өнерліден: ұсталы елдің мерекесі мол!» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шараға музей қызметкерлері мен №5 мектеп оқушылары қатысты.

Шарада алдымен ұсталық өнер: тарихы, түрлері туралы ақпараттар айтылды. Қ.Боқановтың өмірбаяны, еңбектері, шежірелік және жыршылық қызметі туралы мәліметтер жеткізілді. Сонымен қатар, «Теміршілік – аталарымыздан бүгінге жеткен киелі өнер» тақырыбында слайд, «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» атты видеоролик көрсетілді. Шара барысында, 5 сынып оқушылары өздері жасаған бұйымдарын көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.

Шара барысында, Жылыой аудандық музейде сақталған, Қ.Боқанов ұстаның қолынан шыққан қырықтық, қақпан, қасық сияқты бұйымдарымен оқушыларға шолу жасалды.