Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен бірліктің кепілі

Жылыой аудандық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен бірліктің кепілі» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасындағы «дөңгелек үстел» шарасы өткізілді.

Шараға Жылыой аудандық әкімі жанындағы Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесінің Жылыой аудандық филиалы, Жылыой аудандық кітапхана және арнайы шақырылған қонақтар татар ұлты өкілдерінен Гибатуллиндер, Насыровтар, лат өкілінен Данияловтар, орыс ұлтынан Ситникова Любовь Сергеевна шақырылды.

Іс-шараны Құлсары қаласының әкімі Адинов Қадіржан Амангелдіұлы ашып, Ассамблея күнімен тұспа-тұс келген алғыс айту күніне ерекше мән-мағына беріліп отырғанын баса айтты. Арнайы шақырылған қонақтарды мерекемен құттықтап алғыс хат пен гүл шоғын сыйлады.

Шарада сөз алған өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқына жүрекжарды ізгі тілектерін білдірді.

№1 музыка мектебінің өнерпаздары Көшекбай Идияттың «Мен қазақпын» әні, «Аманат» әнімен Әлимұқанбет Ескендір, Сәрсенбай Бекасыл орындауындағы «Саржайлау» әні , Үдербай Мединаның орындауындағы «Алғыс» әні шараны әрлендіре түсті.

Аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі нің төрайымы М.Әбдіғалиева шараны қорытындылап, шақырылған қонақтарға ескерткіш сый табыстады