Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Көрісу бірлік пен берекенің бастауы

14-22 наурыз күндері Жылыой аудандық музейінде Наурыз онкүндігі аясында төмендегідей жұмыстар атқарылды. 14 наурыз Амал мерекесіне орай музей фойесінде наурыз көже мен бауырсақ дайындалып, келушілерге тартылды. №8 мектептің 11 сынып оқушыларына «Көрісу бірлік пен берекенің бастауы» тақырыбында амал мерекесінің мән- мағынасын ашатын ақпараттық танымдық сағаты өткізіліп, шара өнер ұжымдарынан құралған өнерпаздардың мерекелік концертімен және салт-дәстүрлік қойылымдармен жалғасты.