Наурыз онкүндігі аясында Шаңырақ күніне орай, «Өнегелі отбасы-ел мерейі» тақырыбында үлгілі отбасылар мен жастардың кездесуі ұйымдастырылды. Шара музейдің этнографиялық залында ұлттық үрдісте текеметтер мен теру алашалар төселіп, дөңгелек столдар жайылып, алдарына бауырсақ пен наурыз көже Кездесу шарасына Жылыой өңірінде есімі құрметпен аталатын өнегелі Арыстанов Гайдар мен Аманжолова Жаңылсынның отбасы, отбасы құндылығы мен татулығын басты назарда ұстайтын Керуенов Жарылғасын мен Қойбақова Әлияның бақытты отбасы және 12 ұл-қыз өсіріп отырған көпбалалы Нұрғазиев Бақтығали мен Шықыбаева Күнсұлудың отбасылары шақырылды. Музей басшысы М.Е.Қақпанбаев мерекелік шараны қош келдіңіз лебізімен ашты.
Ералиев Жандарбектің «Тойбастар» әнімен басталған шара, шақырылған қонақтардың бақытты отбасылық өмірлерінің сырларын бөлісуімен жалғасты.
«Шолпан» оқу орталығы өнерпаздары Адай күйімен кеш сәнін келтірді. Шарамыздың құрметті қонағы, көп балалы, өсіп-өнген, айналасындағылар жақсылығы жұғысты болса екен дейтіндей, үлгілі отбасы тірегі Гайдар Зейноллаұлы көпшілікке тілек батасын жолдады. Музей қызметкері Гүлнар Бауыржанқызы мерекелік кешті қорытындылап, қонақтарға музей ұжымы атынан ризашылық білдіріп, ескерткіш сый табыстады.
