Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз Ұлттық киім күніне орай аудан тұрғындары арасындағы ұлттық қолөнерді жалғастырушы шеберлердің шығармашылығын дамыту, қолдау көрсету, ұлттық қол өнерді дамыту мен жандандыру мақсатында Жылыой аудандыдық музейінде «Ұлттық киім — ұрпаққа мұра» тақырыбында көрме-байқауы ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық нақышта жасалған, салт-дәстүрлік құндылықтарды насихаттайтын 20-ға тарта бұйым қойылып келушілер назарына ұсынылды.

