Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Ынтымақ – Жыл басы

 

Музей алаңына киіз іші ұлттық нақышта безендірілді. Суретші Қ.Қыдыровтың жеке сурет көрмесі жасақталып, көрермен назарына ұыснылды. Музей ұжымы, ардагерлер және ұлттық салт-дәстүрлік (бесікке салу, тұсау кесу, балаға есім қою, сүйінші сұрау, көрімдік, байғазы беру,т.б)көріністік қойылымдар ұйымдастырылды, балалар арасында ұлттық ойындары (асық ату, ләңгі тебу,күш сынасу, арқан тарту) өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Музей алаңында мерекелік дәм — бауырсақ пен наурыз көже пісіріліп, келушілерге таратылды.

Мерекелік шараға қонақ ретінде музей ардагерлері шақырылып, ұлттық тағам негізінде дастархан дайындалды, дәстүрлі әндер мен күй-термелер орындалып, келген қонақтарға  ұлттық дәм  ұсынылды. Жылыой ауданының «Құрметті азаматы», мәдениет саласы ардагері Н.Ақназаров мерекелік құттықтауын жасады. Онкүндік шараға  350 қатысушы тартылды.