Биылғы жыл — бейбітшілік пен келісімнің символына айналған «Қазақстан халқы Ассамблеясының» құрылғанынан 30 жыл, тарихи дата. №5 жалпы білім беретін орта мектептің кітапханасында 30 жылдық аясында ел бірлігі мен татулығын паш ететін «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыптық күні ұйымдастырылды. Кешке Жылыой аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Гайдар Зейноллаұлы, Мәдениет саласының ардагері, Жылыой ауданының «Құрметті азаматы», Жылыой аудандық келісім кеңесінің төрағасы Ақназаров Нұрдаулет, Ұзақ жыл білім беру ұйымдарында басшылық қызмет атқарған, ауданымыздың Құрметті азаматы, білім саласының ардагері Төлеуов Наурызбай, орыс ұлты Саксонов Сергей Анатольевич шақырылды. Ардагерлер аталарымыз кешегі еңбек жолын, еліміздегі татулық пен тұрақтылық туралы ойларын ортаға салып, бейбіт заманның қадір-қасиеті туралы әңгімелеп берді. Мектеп оқушылары Марат Арсеннің орындауында «Қазақстан» әні, А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен ортаға шыққан түрік ұлтының өкілі Мехмет Қылыч Шамильді, «Қазақстаным Отаным» әнімен Ербөлек Әміренің көрермен көзайымына айналды. Кеш соңында сөз алған мектеп басшысы Ұлжан Шоқанқызы қонақтарға ризашылықтарын білдірді.


