Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасы Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ Жылыой аудандық филиалы 2025 жылдың 5 мамыр күні «Атамұра» КМҚК музейінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнертапқыш, Еңбек Қызыл ту, 3-дәрежелі «Даңқ», 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері иегері Әжіғалиев Дүйсенғалидің туғанына 110-жылдығына «Ерен еңбек ұрпаққа үлгі» атты жеке тектік құжаттарынан көрме-кездесу ұйымдастырылды. Көрме-кездесуге ардагердің жеке тектік құжаттарынан ролл-ап жасақталынып, қойылды. Шараны Атырау облысы мемлекеттік архиві КММ Жылыой аудандық филиалының басшысы Г.Максутова ашты. ҰОС ардагері, мұнайшы-өнертапқыш Әжіғалиев Дүйсенғалидің өмірбаянын Жылыой аудандық филиалының архивисі Ж.Сагиева таныстырып өтті.
Әжіғалиев Дүйсенғали 1915 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. 1932 жылдың қыркүйегінен 1936 жылдың шілдесіне дейін Гурьевский мұнай техникумында оқып, кеніш технигі білімін алды. Доссор, Ескене, Мақат кәсіпшіліктеріндегі операторлық жұмыстан цех бастығына дейінгі жолдардан өткен. 1940 жылдың басында Бобруйск қаласында әскери міндетін атқарған. 58-ші атқыштар дивизиясының құрамында Украина, Молдавия, Румыния, Польша, Чехословакия, Германия жерлерін азат ету шайқастарына пулеметші болып қатысқан. Көптеген қалаларды азат етіп, соғысты Берлин қаласында аяқтаған. Соғыс жылдарында III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл ту», Отан соғысының бірінші дәрежелі ордендері мен Берлинді алғандығы үшін және Праганы азат еткені үшін, «1941-1945 жылдары Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Іс-шараға Атырау облысы мемлекеттік архивінің басшысының орынбасары Т.Калимова, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Г.Айшуакова, аудан әкімі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров пен Аналар кеңесінің төрағасы М.Әбдіғалиева, Жылыой ауданы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Науаров, Жылыой ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Нұрмаханова, Жылыой аудандық филиалының ардагері Ұ.Досжанова қатысып, сөз сөйлеп ардагер жөнінде әсерлі естеліктерімен бөлісті. Майдангер Әжіғалиев Дүйсенғалидің ұрпақтарынан жиендері және №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Г.Амандосқызы шараны қорытындылап, қонақтарға ризашылығын білдірді.