2025 жылдың 16 мамыр күні «18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне» орай, Алтын орда мемлекетінің астанасы атанған Сарайшық музей-қорығына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Танымдық саяхатқа «Жас өлкетанушылар» үйірмесі мүшелерімен музей мамандары қатынасты.
Танымдық жорығымыз «Сапар орталығы» музейінен басталып, әрі қарай «Этнография музейімен» жалғасын тапты. Экскурсия барысында Сарайшық музей қорығының құрылған тарихы баяндалып, кейін Хан Ордалы Сарайшық қалашығының тарихы туралы ақпарат берілді. Үйірме мүшелеріне тарихтағы хандардың жасаған ерліктері, сонымен қатар әйгілі «Секер көлі» туралы аңыз әңгіме айтылып, оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Экскурсия барысында ескі қалашықтың қазылған орнына барып, қалашықтан табылған жәдігерлер туралы мәлімет тыңдап, саяхатамызды аяқтадық.
