Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Жылыой аудандық музейінде «Алтын адам» экспозициясының ашылу салтанаты болып өтті

Шараның негізгі мақсаты асыл тарихымыз бен өнегелі өткеніміздің белгілері мен бедерлерін ұлығылау.

«Алтын адам» бейнесі — Аралтөбе қорғанынан алынған ер адамның бас сүйегі бойынша РҒА-ның H.Миклухо-Маклай атындағы Антропология және этнология институтының маманы Е.Веселовская қалпына келтірген 45-55 жастағы ер адамның бет-бейнесі негізінде және арнайы археолог-ғалым 3.Самашевпен бейненің шынайылығын аша түсу мақсатында кеңесе отырып жасалған гиперреалист мүсіні қойылды. Мүсінді – Қазақстандағы гиперреализм жанрыныдағы тұңғыш мүсінші, Халықаралық байқаулар мен фестивальдердің бірнеше мәрте жүлдегері Айдос Әкімғалиұлы асқан шеберлікпен сомдай алды.

Сонымен қатар, экспозицияға – сармат қоғамындағы аса маңызды тұлғаларды салтанатты-жерлеу киімдерінің әр түрлі бөліктеріне тігілетін қабірден табылған алтын жапсырмалардың көшірмелері және Жылыой жерінен табылған бірнеше археологиялық түпнұсқа олжалар экспозиция төрінен орын алып, залдың көз тартар көрінісіне айналды.

Шараға облыс және ауданымыздың Құрметті азаматтары, мәдениет саласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Байрақбайұлы шараға қатысушыларға алғы сөз айтып, «Алтын адам» мүсінін жасаушы шеберге аудан басшылығы атынан ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» табыстады.

Аудан тарихына, мәдени мұраларына, рухани жаңғыруға атсалысып жүрген ардақты ардагерлеріміз Мақсым Шафихұлы мен Нұрдәулет Ақназаров өлке тарихынан сыр шертіп, экспозиция лентасын қию рәсімін жасап, ресми түрде көрмені ашты.

Шара аясында А.Қабыланбек және Н.Жиенбаева дәстүрлі ән орындап, Ә.Хабибназар ақын М.Ершудың «Алтын адам: Ақкиізтоғай-Аралтөбе» өлеңін мәнерлеп оқып, туған жерімізге құрметімізді арттырып, рухымызды асқақтатқандай. Астанадан арнайы келген гиперреалист мүсінші A.Есмағамбет «Алтын киімді адамның» жасалу жолын сипаттап, экскурсовод А.Есболсынқызы жаңа экспозицияны түсіндіріп шықты. Құрметті қонақтарымызға музей атынан естелік сый табысталды.