Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Өңірдегі тарихи тұлғалар

«Атамұра» музейінде Қазақ Хандығының 560 жылдығына орай «Өңірдегі тарихи тұлғалар» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Мақсаты – өңірдің тарихында ерекше із қалдырған батырлар, билер, ақын-жыраулар, ел ағалары мен ағартушылардың өмірі мен еңбегін зерттеу, зерделеп, кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа мұра етіп тапсыру, олардың туған жердің тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Шараға Ақсақалдар мен Ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өлкетанушы ардагерлер, музей мен кітапхана қызметкерлері, тақырып төңірегінде ғылыми зерттеу жасап жүрген білім беру бөлімі мектептерінің бірқатар мұғалімдері, оқушылар мен жастар қатысты.

Конференцияны музей басшысы, аудан әкімі жанындағы Ақсақалдар кеңесі төраға орынбасары М.Қақпанбаев алғашқы сөзін конференция қатысушыларын қош келдіңіздермен қарсы алып, Жылыой жері туралы біраз тарихи мағлұматтарды атап өтті.

Қазақ хандығының алғаш құрылған сәті мен Жылыойдың кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында бейнеролик көрермендер назарына ұсынды.

Конференция барысында:

№1 мектеп мұғалімі Ү.Төреғалиева «Төремұрат Тайлыбекұлы — тарих пен аңыз тоғысындағы тұлға»;

№13 мектеп мұғалімі А.Сатанова «Дәден би»;

№17 мектеп мұғалімі О.Жауымбаева «Темірден өрнек өрген — Қайшыбай ата»;

№18 мектеп мұғалімі А.Жанжігітова «Дариға ғұмыр, жыр — жүрек»;

№3 мектеп мұғалімі А.Мұхамбедиярова «Мұнай алыбы: Сафи Өтебаевтың өмірі мен қызметі»;

№21 мектеп мұғалімі А.Теңелбаева «Қазақ әйелінің қайсар бейнесі — Сәли Шәкірова»;

№16 мектеп мұғалімі А.Булекова «Халқына қадірлі — Қарағұл»;

№21 мектеп мұғалімі А.Байниязова «Ұлағатты ұлы ұстаз» тақырыптарында тарихымызда ел бірлігі үшін басын бəйгеге тігіп, жерін қорғау үшін атқа қонған, бір ауызсөзбен билік айтқан дана, батыр, шешен, ұлағатты ұстаз, темірден түйін түйген ұста тақырыптарында терең талдау жасап, зерттеу жұмыстарын қорғады. Конференция соңында сөз алған өлкетанушы ардагерлер өз ұсыныстарын жолдады. Музей басшысы Алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыстады.