Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Әр отбасының бірлігі – ел дамуының іргетасы

«Атамұра» музейінде «Әр отбасының бірлігі – ел дамуының іргетасы» атты ауданның жас отбасыларымен кездесу Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Айшуақова Гүлнафис Аязберікқызы аудандағы көпбалалы, үлгілі, өнегелі, өнерлі бірқатар жас отбасыларын қабылдады.

Кездесу мақсаты — Отбасын институтының беделін нығайту, қоғамда мықты, тату жанұя моделін қалыптастыру, үлгілі, өнегелі жас жанұялардың тәжірибесін жастарға үлгі етіп, дәріптеу.

Кездесуге отау құрғандарына арты 5 жылға жақын, алды 10 жылға таяп қалған үлгілі жас отбасылар шақырылды. Олар: екеуі де мәдениет сала мамандары, өнерде өзіндік орындары бар Азамат Төрехан мен Айнұр Тасымова жанұялары, жеке кәсіпкерлер Асқар Бисембаев пен Шолпан Мақсотова жанұялары, көпбалалы, жеке кәсіпкер Айбек Құлымжанов пен Айгерім Өтепбергенова, өзі жастар ресурсы маманы, жұбайы медицина саласында мейірбике Асхат Кенжеғалиев пен Альфия Хайруллина, өздері өндірісте, жұбайлары білім беру бөлімінде мұғалім Нұрхат Құрманов пен Мәдина Тұрсынәлиева және Болат Бердібеков пен Раузия Досжанова жанұялары, өзі спорт жаттықтырушысы, жұбайы білім беру бөлімінде Сәрсенбек Исимгалиев пен Ақбаян Кемалова. Жас отбасылар өздерін таныстырып, отбасы құндылықтарымен, өзара сыйластықты сақтаудағы өмірлік ұстанымдары жайында айтты.

Соңында аудан әкімі орынбасары Г.Айшуақова Алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыстады.