Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Тәуелсіз елдің рухани тұғыры – Абай мұрасы

Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің жоспарымен Құлсары қаласының әкімдігі мен аудандық Музей ұжымы бірлесе отырып 25 қазан — Республика күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында, «Тәуелсіз елдің рухани тұғыры – Абай мұрасы» атты фестивалін өткізді. Шараға аудандық Аналар кеңесі, қалалық әкімшілік, музей қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, тәлімгерлер мен этнос өкілдері қатысты.

Мақсаты — Тәуелсіз Қазақстан — достық пен ынтымақтың мекені екендігін этнос өкілдерінің өнері арқылы жеткізу. Абайдың мұрасы – барша ұлтты біріктіретін рухани көпір, ортақ қазынамыз екенін көрсету.

Құлсары қаласы әкімінің орынбасары С.Сатышева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Абдигалиева және мүшесі М.Алғазиева, «Абай мұрасы — ұлт қазынасы», «Менің Отаным — Қазақстан» атты және шығармашылық көрмеден тұартын үш кезеңді фестивальге төрелік етті.

Нәтижесінде:

«АБАЙ ӨЛЕҢІН ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫ» номинациясын №6 мектептің 5 «В» сынып оқушысы, түрік этносының өкілі Кылыч Мехмет Шамиль;

«ҮЗДІК ЖАС ПАТРИОТ» номинациясын №18 мектептің 6 «Е» сынып оқушысы, өзбек этносының өкілі Юсупбаев Аманбек;

«ҮЗДІК ӨНЕРПАЗ» номинациясын №9 мектептің 7 «З» сынып оқушысы, татар этносының өкілі Ногаева Марта;

«ҮЗДІК ЫНТЫМАҚ ҮЛГІСІ» номинациясын №16 мектептің 10 «Г» сынып оқушысы, украин этносының өкілі Николаева Арай;

«ҮЗДІК СУРЕТШІ» номинациясын №8 мектептің 9 «Е» сынып оқушысы, татар этносының өкілі Фаритова Фатима иеленді.

Соңында қатысушыларды қала әкімі Қ.Адиновтың атынан дипломы мен ықылас гүлін қала әкімінің орынбасары С.Сатышева құттықтап, табыстады. Аудандық Аналар кеңесі атынан төрайымы М.Абдигалиева бағалы сыйлықтар табыстап, шараны қорытындылады.