Жылыой аудандық музейінің 2025 жылғы мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспарына сәйкес Құлсары Тінекейұлының 205 жылдығына орай “Менің өлкемнің тарихы” атты ғылыми-танымдық жобасы ұйымдастырылды. Аталған жобаға аудандық мектеп оқушыларының ғылыми жобалары, өзіндік жұмыстары жинақталды. Жоба негізінен өлкенің жер-су атауларының, елді мекендердің шығу тарихына қатысты аңыз-әңгімелерінің негізімен қамтылады. Мектеп оқушылары мен жетекшілік еткен ұстаздары ұсынымдары мен ой-пікірлерін кеңінен тарқатып, ғылыми көзқарастарын танытып, ізденімпаз қасиеттері арқылы өз өлкесінің тарихын тануға үлесін қосуда. Жоба ережесінің негізгі тақырыптық бағыттары бойынша барлық саласы да толықтай қамтылған. Оның ішінде: №8 мектептің 11-сынып оқушысы С.Карамурзиева, №5 мектептің оқушысы Ә.Қанатұлы, №22 мектептің 11-сынып оқушысы А.Төлеуғали, №3 мектептің 9-сынып оқушысы Ш.Рахымжанқызы, №17 мектептің 8-сынып оқушысы Ж.Жұмабекұлы, №10 мектептің 9-сынып оқушысы А.Сәттіқұл, №1 мектептің оқушысы А.Әлібекқызы, №20 мектептің 9-сынып оқушысы И.Елубай, №18 мектептің 10-б сынып оқушысы Н.Ербулек, №4 мектептің 11-сынып оқушысы К.Өтебай қатысып, өлке тарихын арқау етіп түрлі тақырыптарды арқау етті. Әр оқушы өлке шежіресін тебірене жырлап, ақындары мен батырларын кеңінен насихаттауға күш сала білген.
Ғылыми танымдық жоба барысында жинақталған жұмыстар жинақ-кітапша ретінде шығарылып, туған өлке тарихынан мәлімет жинақтап жүрген жас буынға, ғылым-білім жолында ізденісте жүрген оқушылар мен ұстаздарға ұсынылады.
Өлке құндылықтарынан сыр шертетін “Менің өлкемнің тарихы” тақырыбындағы жобаға белсене атсалысқан қатысушыларымызға музей атынан естелік сый мен “Алғыс хат” табысталды.






