Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығы

Аудандық музейдің іс-шаралар жоспарына сәйкес Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына орай танымдық жорық ұйымдастырылды.

Экскурсия Бейнеу елді мекенінен оңтүстік-батыс бағытта 17 қашықтықта орналасқан Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешітіне жүргізілді. Аталған танымдық жорыққа ауданның мәдениет саласы және өлкетанушы ардагерлер, кітапхана мен музей мамандары қатынасты.

Экскурсия музей ғимаратынан басталып, Бекет Мырзағұлұлының жартасты мүйіс қабатынан ойып салған жер асты мешітімен жалғасты.

Сапар барысында Жылыой ауданы бойынша Бекет ата қорының төрағасы, өлкетанушы Е.Дәулетбаев атаның өмірдерегінен біраз мағлұмат беріп, салдырған мешіттері туралы ақпараттар жинақтау керегін де атап өтті. Сонымен қатар, экскурсия мүшелері «Батырлар аллеясына» барып, Жылыой ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы Н.Ақназаров түрікмен, қалмақтармен ел тағдырының тәуелсіздігі жолында күрескен Адай руының найзалы батырлары мен жаужүрек ерлерлері жөніндегі халық аузындағы аңыз-әңгімелерді экскурсия мүшілеріне айтып өтті.

Бұл сапар экскурсия мүшелеріне ерекше әсер қалдырып, Бекет атаның ілімі мен өнегесін тереңірек тануға жол ашты. Танымдық жорық соңында экскурсия мүшелері музей басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақыттағы сапарларға сәттілік тіледі.