Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Конституция –мәңгілік елдің тұғыры

Жылыой аудандық музейінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай “Конституция –мәңгілік елдің тұғыры!” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға отставкадағы подполковник — Бекенов Тапатия, Лат ұлтының өкілі Даиялов Омар, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы», Ауылшаруашылық саласының ардагері -Нұрғазиев Талап, мәдениет саласының ардагері, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» — Ақназаров Нұрдаулет, Жылыой аудандық аналар кеңесінің төрайымы — Әбдіғалиева Мадина, заң қызметкері, жас маман Гилятова Зулфинат Агдамқызы-қатынасты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы хабардар ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық заңдар мен нормалардың орындалуын құрметтеу. Іс-шараға қатысушылар 1995 жылы қабылданғаннан бері Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен эволюциясын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар конституциялық құқық саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.