Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай музейде «Жеңіс жолындағы жәдігерлер: жаңа түскен экспонаттар» атты уақытша көрме ұйымдастырылды. Көрме «Сақтау үшін жаңғырту» жобасы аясында 2025 жылы музей қорына түскен және қалпына келтірілген бұйымдарды көпшілікке таныстыруды мақсат етеді.
Көрмеге Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін, тарихи және мәдени маңызы зор 80-ге жуық құнды жәдігер қойылды. Экспонаттар майдан мен тыл өмірінің нақты деректерін ашып, сол кезеңдегі жауынгерлік ерлік пен халықтың қажырлы еңбегін айқын көрсетеді. Аталған көрме өскелең ұрпақты ел тарихына құрметпен қарауға, жауынгерлердің ерлігін ұмытпауға және тарихи жадыны сақтауға тәрбиелеуді көздейді. Көрмені шамамен 50 көрермен тамашалады.



