Жылыой аудандық музейінде Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы күніне және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесі, Жылыой ауданы әкімі жаныдағы Ақсақалдар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесімен бірлескен «Біз қазақстандықпыз, бірлігі жарасқан елміз» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Шара мақсаты жастарға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Шараны мәдениет саласының ардагері, «Жылыой ауданының Құрметті азаматы», Жылыой ауданы әкімі жанындағы «Ақсақалдар кеңесі» төрағасы Ақназаров Нұрдаулет ашты. Ауданға танымал әншілер Назгүл Жиенбаева «Жақсы адамдарым азаймасын» әнімен, Сәлім Алғазы Н.Тілендиевтың күйі «Әлқисса», Сариев Қайырбек Айтқали Жайымовтың «Күйана» күйімен кешіміздің сәнін келтірді. Мерекелік шарада сөз алған өзге этнос өкілделдері осы киелі топырақта туып қазақ халқымен бірге өскен, ұлты басқа болғанымен, жүрегі қазақ деп соғатындығы, қазақ халқының үлкендерге құрмет көрсетуі оны басқа ұлттардан ерекшелейтіндігі, қазақтармен етене байланыс осы құндылықты дамытқандығын тілге тиек етті. Құлсары қаласы
әкімдігінің өкілі Нұрғазиева Жансая қонақтарды қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Шара соңында Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Әбдіғалиева Мадина Сабыржанқызы қорытындылап, қонақтарға ризашылық білдіріп, ескерткіш сый-сияпат табыстады.