Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Ана – ұрпағына ұлттық құндылықты сіңіретін басты тұлға

Жылыой аудандық музейде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – ұрпағына ұлттық құндылықты сіңіретін басты тұлға» тақырыбында ардагер аналармен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Шараға Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі және Абай мектебінің 9 сыныптың қыз балалары шақырылды. Шарада сөз алған музей басшысы Мұрат Ерісұлы бүгінгі күні қоғамда әйелдердің алатын орны ерекше екенін атап өтіп, құттықтауын жеткізді. Шараға қатысушылар бүгінгі қоғамда әйел азаматтардың атқарып отырған рөлі турасында пікір алмасты. Аналар қыздарға өмірлік кеңестерімен бөлісіп, ұлт тәрбиесінде ұстану керек қағидаларын тілге тиек етті. Мерекеге орай, ардагер аналарға музей атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Жайна Нұрханованың әуелете салған әсем әні жиналғандарды көтеріңкі көңіл күйге бөледі.