Асыл мұра, дамыған дәстүр
KZ
Келі мен келсап — қазақ халқының тұрмысында ежелден қолданылған ас дайындау және дәнді дақылдарды өңдеу құралдары. Келі — ішіне дән, тары, бидай салынатын ойық ыдыс, ал келсап — сол дәндерді түюге арналған ұзын ағаш құрал.
Тарихы:
- Ежелгі дәуір: келі мен келсаптың алғашқы түрлері тас пен қатты ағаштан жасалған. Олар дәнді ұнтақтау, тағам дайындау үшін пайдаланылған.
- Көшпелі кезең: қазақтар келіні көбіне ағаштан ойып жасап, тары, бидай, жүгері түюде қолданған. Бұл құрал әрбір үйдің тұрмысында маңызды орын алған.
- ХІХ–ХХ ғасырлар: келі мен келсап кеңінен қолданылып, әсіресе тарыдан талқан, жент сияқты ұлттық тағамдар дайындауда пайдаланылды.
Диірмен — дәнді дақылдарды (бидай, арпа, тары) ұнға айналдыру үшін қолданылатын құрал немесе құрылғы.
Тарихы:
- Ежелгі дәуір: алғашқы диірмендер қолмен жұмыс істейтін тас құралдар болды. Адамдар екі тастың арасында дәнді үгітіп, ұн жасаған.
- Орта ғасырлар: су диірмендері мен жел диірмендері пайда болды. Олар табиғи күштерді (су ағысы мен жел) пайдаланып, өнімділікті арттырды.
- ХІХ–ХХ ғасырлар: механикалық және бу арқылы жұмыс істейтін диірмендер кең таралды. Кейін электрлі диірмендер пайда болды.
Маңызы: Диірмен — адамзат тарихындағы маңызды өнертабыстардың бірі. Ол азық-түлік өндірісін жеңілдетіп, ұн өнімдерінің кең таралуына мүмкіндік берді. Қазақ халқы үшін де диірмен егіншілік пен тұрмыста ерекше орын алған.
Ұршық
Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында ұршық өте маңызды болған. Оны көбіне әйелдер пайдаланған: қой жүнін иіріп, жіп жасаған жіптен киіз, кілем, шұлық сияқты бұйымдар тоқылған тұрмыстық қажеттіліктерге кең қолданылған Ұршық ағаштан жасалып, төменгі жағына айналдыру үшін дөңгелек салмақ (ұршық басы) орнатылған. Ол жіпті біркелкі әрі жіңішке етіп иіруге мүмкіндік береді. Мәдени маңызы: Ұршық тек тұрмыстық құрал ғана емес, көптеген халықтарда еңбек пен шеберліктің символы саналған. Қазақ мәдениетінде де ол әйел еңбегінің, ұқыптылық пен шыдамдылықтың белгісі ретінде бағаланған.
Басқұрлар
Басқұр — қазақтың киіз үйінде қолданылатын өрнекті, жалпақ тоқылған бау. Ол киіз үйдің керегесі мен уығын бекітіп, туырлық пен үзікті ұстап тұру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар басқұр үйдің ішкі көрінісін сәндеп, ұлттық нақыш береді.
Басқұрдың тарихы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ежелгі түркі дәуірінен бастап киіз үй жабдықтарының ажырамас бөлігі болған. Археологиялық және этнографиялық деректерге қарағанда, басқұрлар қолмен тоқу әдісі арқылы жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.
Түрлері
- Ақбасқұр
- Ақ түсті жіптен тоқылады
- Көбіне салтанатты, сәндік мақсатта қолданылады
- Тазалық пен берекенің белгісі
- Ала басқұр
- Түрлі түсті жіптерден өрнектеліп тоқылады
- Геометриялық ою-өрнектермен безендіріледі
- Киіз үйдің ішін әсемдеуге арналған
- Жіңішке басқұр
- Ені тар, жеңіл болады
- Кереге мен уықты байлауға, ұсақ бекітулерге қолданылады
- Жуан басқұр
- Ені кең, мықты әрі тығыз тоқылады
- Киіз үйдің негізгі бөліктерін (туырлық, үзік) бекіту үшін қажет
Жасалу тәсілі.
Басқұрлар көбінесе:
- жүннен иірілген жіптен
- табиғи бояулармен боялып
- өрмек (қол тоқу құрылғысы) арқылы тоқылған
Өрнектерінде «қошқармүйіз», «тұмарша», «сыңарөкше» сияқты ұлттық оюлар жиі кездеседі.
Иірілген жіптер
Иірілген жіптер – жүн, мақта, зығыр немесе басқа талшықтарды иіріп, біртекті, берік жіпке айналдыру арқылы алынған материал. Қазақ тұрмысында олар киіз, кілем, шұлық, кеудешелер, түрлі тұрмыстық бұйымдар жасау үшін қолданылған.
Қоржын
Қоржынның шығу тарихы ежелгі көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Қазақтардың және басқа түркі халықтарының тұрмыстық заттарын ыңғайлы тасымалдау үшін қолданған бұл бұйым көп ғасырлар бойы дамып, түрлі өрнек, өлшем және пайдалану ерекшеліктерімен ерекшеленді. Қоржынды көбінесе қолөнершілер жүннен иірілген жіптерден тоқып, ұлттық ою-өрнектермен безендірген. Оның өрнектері мен түстері аймақтық ерекшеліктерге сәйкес өзгеріп отырған. Қоржынның әрбір деталі — оның иесінің тегі, тұрғылықты аймағы және әлеуметтік жағдайын бейнелейді.
RU
Ступа и пест (кели и келсап)
Ступа и пест — традиционные бытовые инструменты казахского народа, используемые для приготовления пищи и обработки зерновых культур. Ступа представляет собой углублённую ёмкость, в которую засыпают зерно (просо, пшеницу), а пест — длинный деревянный инструмент для его толчения.
История:
- Древние времена: первые ступы и песты изготавливались из камня и твёрдой древесины, применялись для измельчения зерна и приготовления пищи.
- Кочевой период: казахи делали ступы из цельного дерева и использовали их для обработки проса, пшеницы и других злаков. Этот инструмент был важной частью домашнего быта.
- XIX–XX века: ступа и пест широко применялись, особенно для приготовления национальных блюд, таких как талкан и жент.
Значение: Ступа и пест являются важными этнографическими предметами, отражающими быт, пищевую культуру и традиции казахского народа.
Мельница — устройство, предназначенное для переработки зерновых культур (пшеницы, ячменя, проса) в муку.
История:
- Древние времена: первые мельницы представляли собой простые каменные устройства, где зерно растиралось между двумя камнями вручную.
- Средние века: появились водяные и ветряные мельницы, использующие силу воды и ветра, что значительно повысило производительность.
- XIX–XX века: широкое распространение получили механические и паровые мельницы, а позже — электрические.
Значение: Мельница является одним из важнейших изобретений в истории человечества. Она облегчила производство продуктов питания и способствовала широкому распространению мучных изделий. В жизни казахского народа мельница также занимала важное место.
В традиционном быту казахского народа веретено имело большое значение. Его в основном использовали женщины:
- пряли овечью шерсть и изготавливали нити
- из нитей ткали такие изделия, как войлок, ковры, носки
- широко применялось в повседневной жизни
Веретено изготавливалось из дерева, а в нижней части устанавливался круглый груз (пряслице) для вращения. Это позволяло прясть нить равномерно и тонко.
Культурное значение: Веретено — это не только бытовой инструмент, но и символ труда и мастерства у многих народов. В казахской культуре оно также считалось символом женского труда, аккуратности и терпения.
Баскуры
Баскур — это орнаментированная широкая тканая лента, используемая в казахской юрте. Она служит для закрепления кереге и уыков, а также удерживает покрытие юрты (туырлык и узик). Кроме того, баскур украшает внутреннее убранство юрты и придаёт ей национальный колорит.
История баскура тесно связана с кочевым образом жизни. Со времён древнетюркской эпохи он являлся неотъемлемой частью убранства юрты. Согласно археологическим и этнографическим данным, баскуры изготавливались вручную и передавались из поколения в поколение.
Виды
- Акбаскур
- Ткётся из белых нитей
- Используется в основном в торжественных и декоративных целях
- Символ чистоты и благополучия
- Ала баскур
- Ткётся из разноцветных нитей с узорами
- Украшается геометрическими орнаментами
- Предназначен для украшения внутреннего пространства юрты
- Узкий баскур
- Имеет небольшую ширину, лёгкий
- Используется для связывания кереге и уыков, а также для мелких креплений
- Широкий баскур
- Широкий, прочный и плотный
- Необходим для закрепления основных частей юрты (туырлык, узик)
Способ изготовления
Баскуры обычно:
- изготавливаются из пряжи, спрядённой из шерсти
- окрашиваются натуральными красителями
- ткутся на ткацком станке (ручном устройстве)
В орнаментах часто встречаются традиционные узоры, такие как «кошкармүйіз», «тумарша», «сынарокше».
Пряжа — это материал, получаемый путём скручивания шерсти, хлопка, льна или других волокон в однородную и прочную нить. В казахском быту она использовалась для изготовления войлока, ковров, носков, жилетов и различных предметов домашнего обихода.
Происхождение қоржын (сумки) тесно связано с древним кочевым образом жизни. Этот предмет, используемый казахами и другими тюркскими народами для удобной переноски бытовых вещей, развивался на протяжении многих веков и отличался разнообразием узоров, размеров и способов использования.
Коржын в основном ткали ремесленники из пряжи, полученной из овечьей шерсти, и украшали национальными орнаментами. Его узоры и цвета менялись в зависимости от региональных особенностей. Каждая деталь қоржын отражает род его владельца, место проживания и социальное положение.
EN
Mortar and Pestle (Keli and Kelsap)
The mortar and pestle are traditional household tools of the Kazakh people used for food preparation and processing grains. The mortar is a hollow container in which grains (such as millet and wheat) are placed, while the pestle is a long wooden tool used for pounding them.
History:
- Ancient times: the earliest mortars and pestles were made of stone and hard wood and were used to grind grains and prepare food.
- Nomadic period: Kazakhs crafted mortars from solid wood and used them to process millet, wheat, and other cereals. These tools were essential in everyday life.
- 19th–20th centuries: mortar and pestle were widely used, especially for preparing traditional foods such as talkan and zhent.
Significance: The mortar and pestle are important ethnographic artifacts that reflect the lifestyle, food culture, and traditions of the Kazakh people.
Mill
A mill is a device used to process grains (such as wheat, barley, and millet) into flour.
History:
- Ancient times: the earliest mills were simple stone tools where grain was ground manually between two stones.
- Middle Ages: watermills and windmills appeared, using natural forces such as water and wind, which greatly increased productivity.
- 19th–20th centuries: mechanical and steam-powered mills became widespread, followed later by electric mills.
Significance: The mill is one of the most important inventions in human history. It made food production easier and contributed to the widespread use of flour-based products. It also held an important place in the daily life of the Kazakh people.
In traditional Kazakh life, the spindle played an important role. It was mainly used by women:
- to spin sheep’s wool into yarn
- to make items such as felt, carpets, and socks from the yarn
- it was widely used in everyday life
The spindle was made of wood, with a round weight (whorl) attached at the bottom for spinning. This allowed the yarn to be spun evenly and finely.
Cultural significance: the spindle is not only a household tool but also a symbol of labor and craftsmanship among many peoples. In Kazakh culture, it was also regarded as a symbol of women’s work, neatness, and patience.
Baskur (Decorative Bands of the Yurt)
Baskur is a wide, ornamented woven band used in the Kazakh yurt. It is used to fasten the lattice walls (kerege) and roof poles (uuk), and to secure the felt coverings (tuyrlyk and uzik). In addition, baskur decorates the interior of the yurt and gives it a distinctive national character.
The history of baskur is closely connected with the nomadic way of life. Since ancient Turkic times, it has been an essential part of yurt equipment. According to archaeological and ethnographic data, baskurs were handmade and passed down from generation to generation.
Types
- Ak baskur
- Woven from white threads
- Mainly used for ceremonial and decorative purposes
- Symbolizes purity and prosperity
- Ala baskur
- Woven from multicolored threads with patterns
- Decorated with geometric ornaments
- Used to embellish the interior of the yurt
- Narrow baskur
- Narrow and lightweight
- Used for tying the kerege and uuk, and for minor fastening
- Wide baskur
- Wide, strong, and dense
- Used to secure the main parts of the yurt (tuyrlyk and uzik)
Production method
Baskurs are usually:
- made from woolen yarn
- dyed with natural dyes
- woven on a loom (a traditional hand-weaving device)
Their patterns often include traditional ornaments such as “koshkarmuiz,” “tumarcha,” and “synarokshe.”
Spun yarn — a material made by twisting wool, cotton, flax, or other fibers into a uniform, strong thread. In Kazakh everyday life, it was used to make felt, carpets, socks, vests, and various household items.
The origin of the qorzhyn (bag) is closely linked to the ancient nomadic lifestyle. This item, used by Kazakhs and other Turkic peoples for conveniently carrying household belongings, evolved over many centuries, featuring various patterns, sizes, and usage methods.
The qorzhyn was mostly woven by artisans from yarn spun from sheep’s wool and decorated with traditional national ornaments. Its patterns and colors varied according to regional characteristics. Each detail of the qorzhyn reflects the owner’s lineage, place of residence, and social status.