Жылыой аудандық музейінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – ел рухы» танымдық экскурсиясы өткізілді.
Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық бірлігін айшықтайтын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында аталып өтеді.
Танымдық экскурсия барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихымен, олардың авторларымен және маңызымен танысады.
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков.
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлиханов.
• Қазіргі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазған авторлардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев бар, ал әнінің негізі Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов шығармасына негізделген.
Экскурсияның мақсаты – жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Ел рәміздері – Тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің айғағы, халқымыздың мақтанышы!