Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұрамен таныстыру, танымдық қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында музей залдары бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, қатысушылар өңірдің тарихы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері мен белгілі тұлғалары туралы мағлұмат алды. Экскурсия барысында экспонаттардың шығу тарихы түсіндіріліп, сұрақ-жауап өткізілді. Қатысушылар музей жәдігерлерімен танысып қана қоймай, әртүрлі тақырыптық ойындар мен тапсырмаларға қатысты. Сабақтарда тарихи жұмбақтар шешу, викториналар, рөлдік ойындар және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл әдістер балалардың білімді қызығушылықпен меңгеруіне мүмкіндік береді.



