Бүгін Жылыой ауданы музейінің 50 жылдығына орай «Тарихы терең рухани орда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, А.Айдашев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, өлкетанушылар мен музей ісінің мамандары қатысты.
Шара барысында музейдің 50 жылдық тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, музей қызметінің өткені, бүгіні және даму бағыттары талқыланды. Қатысушылар өлкетану, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен музей ісін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тағылымды кездесу соңы түрлі ұсыныс-тілектермен жалғасып, қатысушыларға алғыс айтылды.














