Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Музей қорындағы техникалық-механикалық бұйымдар коллекциясы» атты уақытша көрме

Музей қорында сақталған техникалық-механикалық бұйымдарды көпшілікке таныстыру мақсатында «Музей қорындағы техникалық-механикалық бұйымдар коллекциясы» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге ХХ ғасырға жататын, өз дәуірінің тұрмыс-тіршілігі мен өндірістік мәдениетін айқын бейнелейтін техникалық және механикалық бұйымдар қойылды. Атап айтқанда, әр кезеңде халықтың күнделікті өмірінде кеңінен қолданылған механикалық сағаттар, тігін машиналары, фотоаппараттар, радио қабылдағыштар, патифондар, жазу машинкалары және басқа да техникалық құрылғылар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаты – техникалық прогрестің даму тарихын насихаттау, өткен ғасырдағы тұрмыс пен өндірісте қолданылған құрал-жабдықтардың ерекшеліктерін таныстыру, музей қорындағы құнды жәдігерлерді дәріптеу және өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Ұсынылған жәдігерлер өткен ғасырдағы ғылым мен техниканың даму деңгейін көрсетіп қана қоймай, сол кезеңдегі адамдардың тұрмыс салты, еңбек мәдениеті және күнделікті өмірі туралы құнды мәлімет береді. Көрме келушілерге тарихи жәдігерлер арқылы өткен дәуірдің тыныс-тіршілігін сезінуге мүмкіндік береді.