Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

Музей педагогикасының тиімді әдістер

Ғылыми-әдістемелік бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес 20.07.2026 жылы “Музей педагогикасының тиімді әдістері” тақырыбында әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнді музей әдіскері — Ж.Нұрмашова жүргізді. Тақырып аясында музейлік білім берудің теориялық негіздері — музейлік сабақтар, квесттер, үйірмелер мен клубтар және экскурсиялар тиімділігі мен жүйелеу жұмыстары талқыланды. Интерактивтілік, музей экспозициясын тақырыпқа сәйкес жүйелеу, ЖИ арқылы жандандыру, үйірме мүшелерімен музей педагогикасын арттыру т.б. жөнінде ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Әдістемелік күн соңында музей экспозициясын қамтитын куиз ойынымен аяқталды.