Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «АТАМҰРА» КМҚК
ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ МУЗЕЙІ

«Музейлік жәдігерді сөйлету: интерпретация әдістері»

Музей экспозициясындағы жәдігерлердің мазмұны мен тарихи маңызын терең ашу, келушілердің қызығушылығын арттыру және музей жұмысында жаңашыл тәсілдерді тиімді пайдалану мақсатында «Музейлік жәдігерді сөйлету: интерпретация әдістері» тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдістемелік күн барысында музейлік интерпретацияның заманауи әдістері, жәдігерді қарапайым әрі әсерлі тілмен таныстыру, «Жәдігерді сөйлету» тәсілін экскурсиялық-экспозициялық жұмыста қолдану жолдары қарастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жәдігердің тек тарихи құндылығын көрсетіп қана қоймай, оның тарихын, тағдырын және адам өмірімен байланысын келушіге әсерлі жеткізу арқылы музей мен көрермен арасындағы байланысты нығайту.
Сонымен қатар әдістемелік күн аясында интерактивті элементтерді, сұрақ-жауап, диалог, QR-код, визуалды және эмоциялық интерпретация тәсілдерін пайдалану тәжірибелерімен бөлісу көзделді.